7 мың дана екпе келді
7 мың дана екпе келді
Қазіргі кезде көпшілік арасында тұмау өршіп тұрғаны белгілі. Осыған орай аудандық орталық емханасында тұмауға қарсы 7 мың дана екпе әкелінген.
Вакцина алдымен диспансерлік тіркеудегі ба ла ларға, екіқабат әйелдерге, 6 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларға және емхана қызметкерлеріне салынуда. Емхананың иммунолог- дәрігері Жадыраш Тотаеваның айтуынша, бұл профилактикалық дәрі-дәрмек иммунитетті қалыптастыруға арналған. Вакцина дәрі-дәрмектің жеке санатын білдіреді, оларды дайындауда арнайы иммунобиологиялық әдістер қолданылады. Тұмау вирусынан қорғау аясында вакциналар алдын алудың тиімді әдісі болып табылады. Тұмауға қарсы вакцинаның маңызы аурудың қоғамда тез таралуы және вирус ағзаға енгеннен кейін күрделенуі жағдайында артады. Алдағы күндері қосымша тағы вакциналар жеткізілмек.