Ел тұрмысы түзелсе...
Ел тұрмысы түзелсе...
Бүгінде Қасқабұлақ ауылында халықтың тұрмыс-жағдайын түзетуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылуда. Округте барлығы 14 шаруа қожалығы тіркелген. Солардың ішінде биыл «Әдемі», «Айза», «Асан» қожалықтары қаржылық ұйымдары арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын алуға өтініш білдірген болатын.
Нәтижесінде «Асан» шаруа қожалығы 21 миллион 650 мың теңгеге лизингке қажетті техниканы алған. Сонымен қатар ауылдағы көпірді қайта жөндеу жұмыстарына 15 миллион теңге қарастырылып, жақын арада құрылыс жұмыстары басталмақ. Одан бөлек жеке кәсіпкер А.Алкенова 50 орындық жекеменшік бөбекжай ашуға ниет білдіріп отыр. Ол үшін ауыл ішінен талапқа сай келетін үй жекешелендіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қажетті құжаттары заңдастырылған, тек тиісті шешімді күтіп отыр. Бүгінде тұрғындарды толғандырып отырған – ауылға табиғи газ тарту, Қасқабұлақ–Есейхан ауылдарын жалғайтын жол құрылысы мәселелері ауданның жаңа әкімінің назарына алынғанын айта кеткен жөн.