Жамбыл облысында 5 күн бұрын жоғалып кеткен әйел ауыр жағдайда табылды.

32

Жамбыл облысында 5 күн бұрын жоғалып кеткен 37 жастағы әйел ауыр жағдайда табылды. Әйел 2011 жылдан бастап психикалық диспансер орталығында есепте тұрады.

Сарысу ауылы Саудакент ауылының тұрғыны қарындасының жоғалып кеткені туралы шағымданған. Бұл ақпараттан кейін полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына еріктілер, жергілікті тұрғындар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты. 

Жоғалған әйел 5 күннен кейін жазық далада ауыр жағдайда табылды. Есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді.

“Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, волонтерлерге және тұрғындарға іздеу шараларына белсенді түрде қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Сарысу АПБ бастығы Асхат Алметов бастаған полиция қызметкерлері күн-түн демей іздеу жұмыстарын жүргізді. Енді таба алмағанымызда менің қарындасым қайтыс болар еді. Тіпті елестетудің өзі қорқынышты”, – деді әйелдің ағасы.

 

 

Comments are closed.