- Advertisement -

Қарттарым – асыл қазынам!

122

- Advertisement -

Қазыналы қарттарымыз қашанда құрметке лайық. Халықаралық қарттар күніне орай ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалының ұйымдастыруымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің және Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының қолдауымен №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шара өткізілді.

Мерекелік шарада департамент басшысы Шәкір Асылханұлы мен филиал директоры Рауан Нұрғалиұлы қарттарды мерекесімен құттықтап, жылы сөздерін айтты.

Концерттік бағдарламада Ж.Тілеубеков «Бауырларыма», Ж.Сметова «Меніңдағы бір аққуым бар шығар», Ә.Балтаев «Аяулы ана», Р.Нұржанова «Мама», Жәнібек Жүндібаев «Қарттар үйі» атты туындыларды орындап, ән мен жырдан шашу шашты. Мерекелік жиын соңында қазыналы қарттарға арнайы дайындалған сый-сияпаттар табысталып, қатысушылар естелік суретке түсті.

 

«Aq jol»-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support