- Advertisement -

Журналистер жүлдегер атанды

87

- Advertisement -

Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай бильярдтан БАҚ өкілдері арасында турнир өтті. Іс-шараны аталған институттың президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Ерболат Саурықов ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Бұл турнир аса тартысты өтті. Әдеттегідей Шу аудандық «Шу өңірі» газетінің бас редакторы Ерғали Қартайған бабында екенін байқатты. Ол алғашқы барлық қарсыласын ұтып, жартылай финалда «Egemen Qazagstan» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаевтан басым түсті. Ал дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы Серік Тәжібай өз кезегінде Самат Сатылғановты ұтты. Финалда Ерғали Қартайған Серік Тәжібайдан басым түсті. Ал үшінші жүлде Самат Сатылғановқа бұйырды. Сондай-ақ Табиғат Абаилдаев пен айтыскер Нұрлыбек Құрмановқа арнайы жүлде берілді. Ардагер журналистер арасында белгілі журналист Бекет Момынқұл жеңімпаз атанды. Іс-шараны Ерболат Байұзақұлы қорытындылап, барлық қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаз және жүлдегерлерді диплом, медаль және қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support