- Advertisement -

Тараз – қолөнершілер ордасы

87

- Advertisement -

Бүгінгі таңда облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олардың 5-еуі – халықаралық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне алынған, 25-і республикалық дәрежедегі, 698-і жергілікті маңыздағы ескерткіштер.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өткен «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық көрменің ашылу салтанатына қатысты.

– Киелі Әулиеата жерінде өтіп жатқан «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер көрмесінде кездесіп отырғаныма шын жүректен қуаныштымын! Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енуінің куәсі болып отырмыз. Бұл өңірдің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғасы деп санауға болады! Қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бастап қалыптасып, Самарқан, Бұхара, Хиуа, Қоқан сияқты әлемнің елуден астам қаласы енгізілген.Қасиетті Тараз осы тізімге енгізілетін еліміздегі алғашқы қалалардың бірі. Бұл тізімге қала өзінің үлкен туристік және қолөнершілік әлеуеті арқасында еніп, лайықты құрметке ие болып отыр, – деді Нұржан Нұржігітов.

Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізу бойынша сарапшылар комиссиясының қорытынды сертификатын Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қолөнер шеберлерін марапаттады.

Ашылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласты.Төрт күнге жалғасатын халықаралық көрме аясында «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығы, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, Тараз қаласындағы тарихи нысандарға ақпараттық тур, дөңгелек үстел, суретшілер және қолөнершілер байқаулары, шеберлік-сағаттары және тағы да басқа шаралар жоспарланған.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support