- Advertisement -

Жамбылдық кәсіпкерлерге жыл басынан бері 1834 қызмет көрсетілді

89

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Bizneske arnalğan ükımet» фронт-офис инвесторлар мен кәсіпкерлерді бағыттау мақсатында азаматтарға тегін кеңес береді.

​​«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Бұл бағытта белгілі бір өлшемдер басшылыққа алынады. Атап айтқанда, жобаның экономикалық тиімділігі, әлеуметтік маңыздылығы, жаңа жұмыс орындарын құру, шикізаттық емес секторды дамыту және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандықтарды қамту үлесін ұлғайту, ғылымды қажет ететін жаңа түрлерін шығару бойынша өндірістер құру сондай-ақ жоғары технологиялық өнімдер, өңір экономикасының технологиялық дамуы тұрғысынан әлеуетті перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды енгізу әрі қолданыстағыларын жетілдіру талаптары қатаң ескеріледі. Бұдан бөлек, әлеуметтік саланы және бизнес-ортамен аз қамтылған қызмет салаларын дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін анықтау, экспортқа бағдарланған өндірістер құру және жергілікті сондай-аұ республикалық бағдарламаларды іске асыру назарға алынады.

Жалпы, инвестормен жұмыс инвестициялық және пилоттық жобаны ілгерілету  мемлекеттік бағдарламаларын дамыту секторлары арқылы іске асырылады. Мұндағы басты мақсат – экономиканың шикізаттық емес экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау сондай-ақ аудандарды дамыту және облыс халқының табысын арттыру. «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының негізгі бағыттарының бірі – «бір терезе» қағидаты бойынша өңірдің инвесторлары мен кәсіпкерлеріне қызмет көрсету.

Бизнеске арналған үкімет:

«Бір терезе» принципі;

Инвестициялық ахуалды жақсарту;

Инвесторлардың жобаларын тарту әрі сүйемелдеу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру;

Әкімшілік кедергілерді азайту;

● Кәсіпкерлерге қызмет көрсету.

Кәсіпкерге өтінімді әртүрлі инстанцияларға жіберу үшін бір күнін сарп етудің қажеті жоқ. Біз де келушілерге әрдайым қол ұшын созатын мамандар бар. Мәселен, «Bizneske arnalğan ükımet» жобасы аясында «бір терезе» қағидатына сай барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерге шоғырландырылады. Мұнда барлық мемлекеттік органдар мен даму институттарының қызметтері ұсынылады. Осылайша, инвесторлар мен түрлі инстанцияларға, шағын, орта және ірі бизнес субъектілеріне коммуналдық қызметтерге барудың қажеті болмайды, – дейді «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров.

Ал пилоттық жобаны ілгерілету және мемлекеттік бағдарламаларды дамыту секторының бас маманы Ақмарал Өтебайдың айтуынша, жоба аясында әрбір кәсіпкер өз бизнесін дамыту, құзыреттілігін арттыру мен қаржыландыру мәселелері бойынша қажетті кеңе алады.

Жобада кәсіпкерлердің барлық қызметтерге аз ғана уақытта қол жеткізуіне қолайлы жағдай жасалған. Бизнес өкілдері туындаған мәселелердің күрделігіне қарамастан, қайда жүгіну қажеттігін нақты білетін болады, – дейді А.Өтебай. Айта кетейік, «Бизнеске арналған үкімет»кеңсесі қызметі алғашқы келушілер тарапынан-ақ оң бағасын алып үлгерді. Өткен жылы мұнда 3593 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, бизнес-жоспар әзірлеу бойынша 197 қызмет көрсетілсе, мемлекеттік бағдарламалар бойынша бағыттау және консультациялар алуға 187 адам жүгінген.Сонымен қатар, жалпы консультациялар бағытында 3209 қызмет көрсетілген.

Мұндағы мамандар өтінім түскеннен бастап түпкілікті нәтиже алғанға дейін жобаларды сүйемелдеуге әрі бағыттауға көмектеседі. Қысқасы, сіз мұнда субсидия, дайын бизнес-жоспар мен қажетті қаржыландыруды да ала аласыз. Ол үшін Абай даңғылы, 127 мекен-жайында орналасқан кеңсеге келу керек.

Жамбыл облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен ашылған фронт-офис қызметтерінің тізбесі үш блоктан тұрады. Дәлірек айтқанда, бизнес ашуға көмек, бизнесті қаржыландыру және бизнеске арналған жер. Яғни, біз бухгалтерлік қызметтермен жұмыс істейміз. Мәселен,  жеке кәсіпкерлікті ашу, жабу, декларация тапсыру сынды басқа да жұмыстарды атқарамыз. 15 жұмыс күні ішінде бизнес-жоспар әзірлейміз, кредиттік ұйымдар үшін құжаттар жинаймыз. «Жұмыспен қамту-2025» жол картасы аясында, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңес береміз. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында іске асқан пилоттық жоба шеңберінде 2,5 пайызбен несие беру жұмыстарын жүзеге асырамыз. Мұнда өсімдік және мал шаруашылығына сондай-ақ бизнестің өзге де түрлеріне 5 пайызбен несие алу, түрлі техникаларды лизинг алу мақсатында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Білгіңіз келетін немесе мазалаған сұрақтарыңыз болса, +7 (7262) 555-078 телефон нөмірі арқылы Call-орталыққа қоңырау шалсаңыз жеткілікті, дейді Ақмарал Өтебай.

Мұнда ағымдағы жылдың 9 айында 43 бизнес-жоспар жасалып, мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды бағыттау бойынша 39 қызмет көрсетілді. Бұдан бөлек, түрлі мәселе бойынша қайырылған 1752 азаматқа кеңес берілді.

Мәселен, егіншілікпен айналысатын шаруа қожалығының басшысы Нәзира Қадырова фронт-офиске жүгініп, субсидия алуға жәрдемдесуді өтінген. Нәтижесінде, ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ 21 500 000 теңгеге лизингке техника алды. Ал Балжан Досымбекова есімді серіктестік басшысына  бизнес-жоспар әзірлеуге көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол 35 000 000 теңге қаржыға қол жеткізді. Осылайша, Жуалы ауданында таңқурай өсіру жобасы жүзеге асырылуда, мысалға келтірді А.Өтебай.

Қорыта айтқанда, кәсіпкерлер фронт-офиске қайырылу арқылы 60-қа жуық түрлі қызметтерге қол жеткізе алады. Оларға «Тараз» ӘКК, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері мен қаржы институттары, оның ішінде «Атамекен-Тараз» МҚҰ» ЖШС, «Тараз» МҚҰ» ЖШС-нің өкілдері қызмет көрсетеді.

Ал әр аптаның сейсенбі күні аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшыларының қатысуымен инвестициялық штаб отырысы өтеді. Басқосу барысында кәсіпкерлер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау және оларды жан-жақты қолдау шаралары талқыға түседі.

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ,

«Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support