- Advertisement -

Тараздық талапкер – бас жүлдегер

111

- Advertisement -

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаны зерттеуге арналған «Шерхан оқулары» облыстық байқауы өтті. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан қатысқан тоғыз үміткер төрт аталым бойынша сынға түсті.

Байқау шартына сай қатысушылар жазушы өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян әзірлеу, ұяшық таңдау арқылы жазушыға қатысты сұрақтарға жауап беру, мерейтой иесіне арналған арнау өлеңдер мен Шерхан Мұртаза шығармаларынан үзінділер оқу арқылы өзара сайысқа түсті.

Қазылар алқасының шешімімен тараздық Ерлан Нұрланов бас жүлдені иеленсе, жуалылық Қуаныш Сүйінбайға бірінші жүлде бұйырды. Екінші жүлдеге мойынқұмдық Кәрім Сүйінбекұлы лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орынды байзақтық Назгүл Әбдіхалықова мен сарысулық Ерболат Ілиясов өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support