- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

258

- Advertisement -

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: (3-уі толық автоматтандырылған, 14-і электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз, 1-еуі қағаз/электронды, 1-еуі қағаз түрінде.

Денсаулық сақтау саласына қарасты 19 мемлекеттік көрсетілетін кызметтің ішінде:

  1. Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1 ) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту

2) Дәрігердің қабылдауына жазылу

3) Дәрігерді үйге шақыру

4 ) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

5) Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу

6) Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру

Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар

7 ) Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

8 ) Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру

9) Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру

10) Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру

11) Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру

12) Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу

Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық ұйымдары

13) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Қызмет берушілер: Жамбыл облысының стационарлық көмек көрсететін ұйымдары

14) Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру

Қызмет беруші: Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

2 . Электронды (толық автоматтандырылған) 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

15) «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру

16) «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру

17) «Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: www.egov. kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы

  1. Қағаз түрінде /электронды 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

18) Жедел медициналық көмек шақырту

Қызмет беруші: Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы

  1. Қағаз түрінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

19) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау

Қызмет беруші: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы.

Жеке тұлғаларға 19 мемлекеттік қызметтің 17-сі тегін көрсетілсе, 1-еуі ақылы (Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру), 1-еуі ақылы/тегін 18 жасқа дейінгі балаларға бекітілген жері бойынша (Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу).

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының интернет- ресурсында 19 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген Қағидалары мен Стандарттары орналасқан.

 

Жарқын АЙТЖАН,

облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support