- Advertisement -

Тұрақты баға – тұрақтандыру қорының назарында

303

- Advertisement -

Қымбатшылық қос бүйірден қысып тұрғанда, әсіресе тұрақтандыру қорларының қызметін жандандыра түсу аса маңызды. Осы орайда «Тараз» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Тұрақтандыру қоры бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында сатып алуды, тауар интервенцияларын жүргізеді, сондай-ақ кәсіпкерлерге «Айналым схемасы» бойынша екінші механизм шеңберінде қарыз береді.

Өңіріміздің тұрақтандыру қорында 3366 тонна көлемінде азық-түлік қоры бар. Атап айтсақ, 1285 тонна қант, 68 тонна қарақұмық, 196 тонна өсімдік майы, 1732 тонна 1-сұрыпты ұн, 82 тонна күріш, 3 тонна тұз, сондай-ақ 1,5 миллион дана жұмыртқа және 494 мың бөлке нан сатып алынған.

– Өңірлік тұрақтандыру қорын басқару секторы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуге арналған. Бізде екі механизм қолданылады. Біріншісі – бакалея өнімдерін өзіміз сатып аламыз және сатамыз. Тауар интервенцияларын жүргізу жөніндегі шешімді ӘКК-нің алқалы органы қабылдайды. Өтінімдерді қалалар мен аудандардың әкімдіктері береді, ал көлемі облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен келісіледі.

Екіншісі – шағын және орта бизнес субъектілеріне 0,01 пайыз жеңілдікпен несие беру. Кәсіпкер белгілі бір кезеңде өнімді белгіленген бағамен сатуға міндеттенеді. «Айналым схемасы» бойынша көкөністер, қант, өсімдік майы, жарма, ұн сатылуда. Жалпы жыл басынан бері шамамен 6115 тонна бакалея өнімдеріне тауар интервенциялары жүргізілді, – дейді өңірлік тұрақтандыру қорының басшысы Арман Түймебаев.

Өңірлік тұрақтандыру қорының жалпы жұмысты реттейтін механизмдерімен таныса отырып, осындағы бас маман Айжан Мұсаеваны сөзге тартқан едік.

– Жыл басынан бері екінші механизм – «Айналым схемасы» бойынша, яғни жылына 0,01 пайыз несиелендіру арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 138 670 899 теңгеге 8 қарыз берілді. Бүгінгі күні үш кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 84 миллион теңгеге қарыз беру процесінде. Бұл қаражат көкөністерді, қарақұмық жармасын және күрішті сатып алуға және одан әрі өткізуге бағытталатын болады. Барлық қажетті құжаттар дайындалды, – деп түсіндірді ол. – Тұрақтандыру қоры тағы үш кәсіпкерге қосымша 420 миллион теңге қарыз беруді жоспарлап отыр. Мұның бәрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны барынша тұрақтандыру мақсатында жасалуда.

Біздің жұмысымыздың күрделілігі, біз құжаттармен, көптеген адамдармен және үлкен сомалармен жұмыс істейтіндіктен, олар үшін мемлекет алдында жауап береміз. Ештеңені жіберіп алмау үшін мүмкіндігінше ештеңе назардан тыс қалмау керек. Яғни, біз несие әкімшісінің, кеңесшінің, мониторинг жөніндегі маманның функцияларын орындаймыз, нәтижесінде қарыз қаражатын мақсатты пайдалану бойынша есептерді және басқа да есептерді мемлекеттік мекемелерге дайындаймыз. Азаматтардың өтініштеріне, кіріс хаттарына әрдайым жауап береміз, олар кейінге қалдырылмайды.

Осылайша, қор 2020-2022 жылдар кезеңіне әлеуметтік маңызы бар азық- түлік бағаларын тұрақтандыру механизмін іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 1 270 457 499 теңгеге 29 қарыз берді.

Тұрақтандыру қоры 2022 жылдың басынан бастап 7 мың тонна ұн, 68 тонна қарақұмық жармасы, 2000 тонна қант, 220 мың литр өсімдік майы және 1,5 миллион дана жұмыртқа сатып алды. Оларды сақтау үшін қоймалар, әлеуметтік павильондар да бар. Бүгінгі таңда өңірде 20-дан астам әлеуметтік дүкен бар. Бас маманның сөзінше, тауардың барлығы ел ішінен сатып алынады және ең алдымен жамбылдықтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

 

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ,

«Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support