- Advertisement -

Геосаяси жағдайға байланыстыалаңдаушылыққа негіз жоқ

78

- Advertisement -

Ресей Федерациясының біздің елге келетін азаматтары санының өсуіне байланысты алаңдауға негіз жоқ. Себебі, қазір барлық мемлекеттік орган штаттық режимде жұмыс істеп, жағдайды бақылауды қамтамасыз етуде. Кез келген елдің азаматтарының ҚР аумағында мерзімсіз болуына құқығы жоқ әрі олар еліміздің көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы қажет.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев айтты. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша жамбылдықтар тарапынан наразылық жоқ, аймақта жалпы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

– Біз ағымдағы ахуалға мұқият мониторинг жүргізіп отырмыз. Мемлекеттік органдардың ресми және объективті ақпаратына сенім білдірген дұрыс. Қажетсіз алаңдауға негіз жоқ. Өңірге соңғы 3 күн ішінде Ресейден 3226 адам келсе, 3741 азамат өз еліне қайтты. Негізі, шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалар тарапынан олардың келгендігі жөніндегі хабар үш жұмыс күні ішінде түсуі тиіс. Ал олар жұмыс бабымен немесе өзге де себептермен 30 тәуліктен артық болған жағдайда уақытша тұруға рұқсат ресімдеуі қажет.

Қазақстан – бейбітсүйгіш тәуелсіз мемлекет, қуатты әрі ұйымшыл ел. Мемлекет басшысы кез келген жағдайда халық бірлігінің маңызды екенін бірнеше рет айтты. Қазіргідей қиын кезеңде халқымызға тән қонақжайлылық көрсетіп, шарасыздықтан елімізге келгендерге түсіністік танытайық. Бұл құбылмалы ахуал мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін сынақ болып табылады, – деді Еркін Құлымбайұлы.

Брифинг барысында сондай-ақ облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев құзырлы орган қызметкерлері заңға сәйкес, жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруды қолға алғанын жеткізді. Айта кетейік, жыл басынан бері 700 ресейлік азамат осында тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін құжат өткізген.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support