- Advertisement -

Пантамен емдеу – пайдалы

303

- Advertisement -

Өңірде алғаш рет «Меркі Радон» шипажайында пантамен емдеу орталығы іске қосылды.

Емдеу процедураларына термокүбі, буындарға қойылатын панталық қосымшалар, бет пен декольте аймағына панталы жасартатын маска, панталы микроклизма, пантокрин тұнбалары сияқты емдеу шаралары енеді. Пантамен емдеуге «Бурабай-Даму» марал шаруашылығынан жеткізілетін табиғи емдік шикізат қолданылады.

Жалпы, пантамен емдеу – адам ағзасы үшін өте пайдалы. Бұл мезгілсіз қартаюдың алдын алудың, иммундық жүйені нығайтудың, күйзелісті басудың және жүйке жүйесін қалпына келтірудің, ағзадан шлактарды шығарудың тиімді әдісі, сондай-ақ радикулитпен, буын ауруларымен, атеросклерозбен, физикалық және жыныстық әлсіздікпен, жүрек ауруларымен күресудің қуатты табиғи құралы.

Мамандардың айтуынша, пантамен ем алған адамның ұйқысы қалыпты жағдайға келіп, иммундық жүйесі және жалпы ағзаның қорғаныш функцияларының белсенділігі артады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support