- Advertisement -

15 миллионға демеушілік жасады 

85

- Advertisement -

«Қазфосфат» ЖШС аудандағы ірі кәсіпорын – «Жаңатас су-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолдау көрсетіп, өз қаражаты есебінен Жаңатас қаласындағы орталық қазандыққа алып баратын ұзындығы 200 метрлік теміржол тұйығына жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Оның ішінде қазандық аумағындағы тозығы жеткен 24 метр болатын теміржол рельстері толық ауыстырылып, жаңа шпалдар төселген. Қалған 176 метр аумаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға «Қазфосфат» мекемесімен қатар «Жаңатас су-жылу» КММ-ның қызметкерлері де жұмылдырылды.

Материалдық шығындар мен қызметтерді қосқанда атқарылған демеушілік жұмыстарының көлемі 15 миллион теңгені құрады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support