Жаңалықтар

Азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады

Азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған Қордай ауданы және Тараз қаласының тұрғындары инвестор тарту, «Тәжік-Ауған» соғысының құрбандарына арнап ескерткіш тақта орнату, «Қызыл-Ай» қоғамының облыстық филиалына көлік бөлу және тағы да басқа мәселелерді көтеріп, көмек сұрады. Аймақ басшысы барлық азаматтың өтініштерін мұқият тыңдап, мәселелерді заң аясында шешу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.  

 «Aq jol»-Aqparat».