- Advertisement -

«Шерхантану» орталығы жаңа ғимаратқа орналасты

310

- Advertisement -

Кеше Тараз қаласы Жамбыл даңғылы бойындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты ғимаратына осы білім ордасындағы «Шерхантану» орталығы орналасып, ашылу рәсімі болды. Жаңа ғимараттың лентасын жазушы Елен Әлімжан мен ҚР Ақпарат саласының үздігі Оралхан Дәуіт қиды.

Орталықтың мәжіліс залында «Менің қаруым – қалам мен газет» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынды институттың басқарма төрағасы Ерболат Саурықов сөз сөйлеп ашып, қонақтарды ашық әңгімеге шақырды. Одан әрі жиынды оқу орнының проректоры, тарих ғылымының докторы Асқар Абдуалы жүргізді. Жазушылар Елен Әлімжан, Бекет Момынқұл кеңінен ой толғап, жылы естеліктерімен бөлісті. Білім беру ісінің үздігі Сағынбек Әшірбеков те ойын ортаға салды.

Халық жазушысының немере інісі Әлижан Мұртазаев та мерейтой аясында атқарылып жатқан игі істер, құрметтер үшін алғысын білдірді. Институт студенттері қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойды.

Сұрақ-жауап аясында бүгінгі қазақ баспасөзінің жағдайы, олардың мәселелері де кеңінен қаузалды. Жиында көркемсөз шебері Бақтияр Бекназаров, студент Данабек Мұратов Шер-ағаға арнаған өлең шумақтарын толғана оқып берді. Жиынды ғалым Асқар Әбдуалы қорытындылап, Шерхан Мұртаза әлемі зерттеле беретінін айтып, қонақтарға алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support