- Advertisement -

Отан қорғаушылармен кездесті

57

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне барып, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы әскери қызметке шақыру пунктінде болып, мерзімді әскери қызметке шақырылушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Нұржан Нұржігітов елді қорғау әр ер азаматтың парызы мен міндеті болып табылатындығын, бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздік жолында күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін өз үлесін

қосуы қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ сарбаздардың әскери міндетті бұлжытпай орындап, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеріп Отан алдындағы борышты адал әрі абыроймен өтеуіне сенім білдірді.

Бұдан бөлек облыс әкімі аумақтық қорғаныс бригадасының командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысып, онда тыңдау өткізіп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support