- Advertisement -

Таразда сотталғанның анасы түзеу мекемесіндегі ұлына телефон бермек болды

49

- Advertisement -

59 түзеу мекемесіне ұзақ мерзімді кездесуге келген сотталғанның анасын тексеру барысында сәлемдеме ішіндегі аяқ киім арасынан «Nokia» маркалы 2 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, заңды бұзған әйелдің іш киімінен зарядтағыш құрал мен жасыл түсті исі бар белгісіз зат жасырылғандығы анықталды.

Бастапқыда жазасын өтеушінің анасы мекеме қызметкерлеріне өзімен бірге тыйым салған заттардың жоқ екенін айтқанымен, сотталғанға әкелген әрбір затты мұқият тексеру кезінде мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттарды алып өтудің тағы бір дерегінің алдын алды.

Қазіргі аталған дерек бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің есеп және ақпарат кітабына тіркеліп, түрме тәртібін бұзған әйелдің ҚР ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support