- Advertisement -

Ауызбіршілігі артқан ауыл

157

- Advertisement -

Тазалық жұмыстарына елді мекен тұрғындары да белсене атсалысуда. Бұл іс-шараға Гродеково ауылдық округінің тұрғындары да өз үлестерін қосуда.

– Ауыл келбетінің жаңаруына барлығымыз жауаптымыз. Күзгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарына округтегі мекеме-ұйым қызметкерлері қатысып, жол жиегіндегі қураған ағаштар мен арық-атыздардағы күл-қоқыс толықтай тазартылды. Арнайы жүк көлігі арқылы бір тонна күл-қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады,– дейді округ әкімі Болат Қожабеков.

Ал Шайқорық ауылының тұрғындары елді мекенді көгеріштендіруді мықтап қолға алған сияқты. «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Рамазан Мұзафаровтың бастамасымен Р.Момбаев көшесінің бойындағы орталық саябаққа 43 түп арша ағашы отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ауыл азаматтарының айтуынша, орталық саябақты түрлендіру үшін жобалар қолға алынған. Бұл жұмыстардың ілгерілеуіне қалталы азаматтар мен жомарт жандар үлес қосуға ниетті.

 

 Ақжігіт ЖЕТ ПІСБАЙ,

журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support