Жамбылда не жаңалық?

Жуалы

The final spritzer

Жуалы

Аудандық «Достық» мәдениет үйінде облысымыздың 75 жылдық мерейтойына орай Жамбыл ауданының өнер күндері өтті. Онда көрші ауданның мәдени жетістіктері паш етілді. Аудан тұрғындарына ұсынған концертті бишілер «Қазақ» биімен ашты. Қыздардан құралған «Үміт» триосы сазгер С. Бәйтерековтің «Кел, билейік», Т. Серіковтің «Асыл еркем» әндерін нақышына келтіре шырқады. Сондай-ақ, көрермендер «Әдемі-ай» қыздар дуэтінің орындауындағы «Аса алтын бесігім» әнін (әні, сөзі А.  Қырықбаевтікі) жылы қабылдады.