Жамбылда не жаңалық?

Мойынқұм

Мойынқұм

Сұңқар тауының баурайындағы Биназар батырдың кесенесі жөндеуден өтуде. Кесененің күмбезі, ішкі жағы жаңартылды. Сырты қоршалып, қақпа орнатылды. Кесене маңындағы бұлақтың маңайы да таспен өріліп, ретке келтірілді. Шағын өзектен өтетін өткел де жөндеу көрді. Батыр кесенесін жөндуге Кеңес, Бірлік, Биназар, Хантау, Қызылтал, Қызылотау ауылдық округтерінің әкімдері бас болып, ауыл жастары тартылды.