Саясат

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс XXХІ сессиясы 2014 жылдың 10 қарашасында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2. «Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 3. Қайта өңдеуші кәсіпорын­дардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы 4. Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының отыз екінші сессиясының төрағасын сайлау туралы. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2014 жылдың 10 қарашасында сағат 14.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 10 қараша күні сағат 13.30-да басталады.

Б. Қарашолақов, облыстық мәслихаттың хатшысы.