Бауыржан батырдың маузері

31

«Маузер» қаруы – даңқты батыр Бауыржан Момышұлына тиесілі. Маузер металл, ағаш және қайыстан жасалған. Жәдігердің металл бөлігінде «Маузер полковника Бауыржана Момышулы» деген жазуы бар. Бар өмірін әскери қызметке арнап, қан майданға қатысқан даңқты қолбасшы бұл маузерді сол отты жылдары пайдаланып, кейіннен облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1965 жылы тапсырғаны туралы өсиет хатында жазылған.

«Бұл жәдігер батыр Бауыржан атамыздың өз қолымен музейге тапсыруымен қымбат. Тіпті музейге осы маузерді көру үшін арнайы келетіндер де бар», дейді аталған музейдің бөлім меңгерушісі Жұлдыз Алманқұлова.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.