- Advertisement -

Ресей Федерациясынан келген мигранттар қатарының артуына байланысты кеңес өтті

89

- Advertisement -

Әлихан Смайылов ең алдымен, Үкімет қалыптасқан ахуалды және оның елімізге әсерін барынша бақылауда ұстап, тиісті ведомстволардың жұмыстарын үйлестіріп отырғанын атап өтті.

Мәселен, полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, шекара бөлімшелері, әкімдіктер мен ХҚО қарқынды жұмыс істеуде,- деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, кеңесте елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырылып, арендалық тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, тараптардың құқықтары мен жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Бұл үшін жақын күндері арнайы жедел желілер іске қосылып, оған барлық зардап шеккен қазақстандықтар хабарласа алатын болады.

Бұдан бөлек, еліміздің көлік инфрақұрылымы және барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support