Экономика

31 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА КҮЗДІК СЕБІЛДІ

31 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА КҮЗДІК СЕБІЛДІ

Аудан дихандары күзгі егіс-дала жұмыстарын агротехникалық деңгейде жүргізіп, қысқа мерзімде аяқтады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ерғазы Еспеновтің айтуына қарағанда аудан бойынша 31 мың гектар алқапқа күздік бидай тұқымы себіліп, алдағы жылдың өнімі үшін 51700 гектар жер жыртылды. Оның 41400 гектары таза пар.

Күзгі егіс-дала жұмыстарын «Луговой жылқы зауыты», «Ақтоған», «Аян», «Қайқы», «Береке», «Ұлы Сұлтан» шаруа қожалықтары мен серіктестіктері ұйымшылдықпен аяқтады. Мәселен, «Луговой жылқы зауыты» мен «Ұлы Сұлтан» серіктестігі өнімділігі жоғары, кешенді 5 «Джон-Дир» тракторларының көмегімен он төрт мың гектарға жуық егіске күздік бидай септі. Қазір ақ жауыннан кейінгі күздік бидайдың шығымы көз қуантады. Дихандарға әдеттегідей, науқанға арзандатылған жанар-жағармай берілді. Қыркүйек және қазан айларының өзінде бағасы 104 теңгеден 457 тонна жанар-жағармай сатылды.

Сейсен Қожеке, «Ақ жол».

Т. Рысқұлов ауданы.