- Advertisement -

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – ұлт болашағы

87

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауы жылдар бойы қордаланып қалған көптеген түйткілді мәселелердің шешімін табуға бағытталды. Жалпы, ел Президентінің 1 қыркүйек – Білім күні Жолдауын жария етуі кездейсоқтық емес. Бағдарлы құжатта ғылым мен білім саласының маңызды аспектілері толықтай қамтылды. Осылайша еліміздің одан әрі дамуына әрі білім мен ғылым жүйесінің алдында тұрған өзекті міндеттердің шешілуіне тағы бір нық қадам жасалды.

Президент мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешуде 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу міндетін жүктеді. Әрине, ел болашағы саналатын жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуын қаласақ, білім беру саласына тиісті жағдай жасауды жалғастыру керек. Бұл – бүгінгі заманның талабы десек те болады. Осы тұста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының рөлі айрықша.

Бүгінде төрткүл дүниені капитал емес, оны құрайтын адамдар басқарады. Сол себепті, біз білім саласындағы инновациялық өзгерістерге дайын болуымыз керек. Бұл – нақты және ашық жұмысты талап ететін жауапты міндет. Өңіріміздегі жетекші оқу орындарының бірінің педагог маманы ретінде бұл шаралардың барлығы дерлік ел экономикасын дамытып қана қоймай, дамуға жаңа серпін беретініне сенімдімін.

Мемлекет басшысы Жолдауында педагогтердің жалақысын арттыруға қосымша қаражат бөлінетінін атап өтті. Өткен жылдың қаңтар айынан бастап педагог қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға өсті. Бұл осы саланың одан әрі дамуына сөзсіз ықпал етеді. Өз кезегінде барша ұстаздар қауымы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырғаны белгілі.

 

Перизат ЖОРАБЕКҚЫЗЫ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support