Сайлау қатаң түрде заңға сәйкес өтеді

22

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 21 қыркүйегі күнгі Үндеуінде: «Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз» деп атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 20 қарашасында өтеді. Үндеуде Президент сайлауынан өзге де негізгі саяси- әлеуметтік мәселелер аталып өтті. Онда: «Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізілді. Мен осы ережені жүзеге асыру үшін «Ұлттық қор – балаларға» деген мүлде жаңа бағдарлама ұсындым.

…Жалпы, соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырды. Сондықтан мен Жолдауымда сайлау мерзімін жария түрде және ашық айттым. Осылайша, біз басты мемлекеттік институттар – Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттардың бәрін біртіндеп қайта құрамыз…

Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік.

Халқымыздың тағдыры, Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда.

Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!» делінген.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.