- Advertisement -

Литва Республикасының консулдығы ашылды

247

- Advertisement -

Облыс тарихында бірінші рет Литва Республикасының Қазақстандағы консулдығы ашылды. Консулдық Тараз қаласындағы Төле би көшесінің бойындағы «Арай плаза ғимаратында орналасқан. Басты міндеті – өңірімізге инвестиция тартып, кәсіпкерлік саласын дамытуға, екі ел арасындағы алыс-берісті арттыруға негізделген.

Кеше «Арай плаза» ғимаратынан консулдыққа берілген арнайы кабинеттің лентасы салтанатты жағдайда қиылды. Бұл құрметке облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен Литва Республикасының Қазақстандағы елшісі Гинтаутас Васюлис және президиум өкілдері ие болды.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров: «Екі ел арасындағы бірлік нығайып, әріптестік, достық қатынасқа ұласады деген сенімдеміз. Облысымыз литвалық әріптестерінің инвестиция салуына жол ашып, оларға аграрлық, химиялық, құрылыс және электр энергиясын өндіру саласында түрлі жобаларға қатысуға мүмкіндік бермек.

Осылайша екі ел арасында тығыз байланыс орнайды деген сенімдемін. Қазірдің өзінде Литва мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл санап артуда. Оның еселене түскеніне қарай отырып, екі ел арасы стратегиялық бағытта бұдан әрі қарқынды дами түседі деген сенім басым», – деді.

Өз кезегінде елші Гинтаутас Васюлис екі ел тарихының ұқсас жақтарын сөз етті. Тараз қаласында ашылған консулдық республикамыздағы сегізінші елшілік екенін айтты.

– Біздің мемлекетіміз де тәуелсіздіктің елең-алаңынан өтіп, көптеген мемлекеттермен достық қарым-қатынас, түсіністік орнатты. Соның нәтижесінде біздің кәсіпкерлеріміз шет мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Қазірдің өзінде Қазақстанда ондаған кәсіпкерлік ұйымымыз табысты жұмыс істеуде, – деді.

Жиынға қатысқан өзге де саясаткерлер екі ел арасындағы қарым- қатынас пен ынтымақтастықтың артуына жаңа ашылған консулдық үлкен себепші болатындығын қуанышпен жеткізді. Басқосу соңында жиналған қауым Литваның тәуелсіздігіне арналған фотокөрмені тамашалады.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support