- Advertisement -

Ахметтің аманаты

277

- Advertisement -

ХХ ғасырда ұлттық руханияттың күретамыры болған, қазақ ұлтының ұлттық санасын, ойлау жүйесін, көзқарасын, сана сатысын мүлде жаңа деңгейге көтерген құбылысты тұлға ол – Ахмет Байтұрсынұлы еді.

Рас, ХХ ғасыр басында қазақ халқының екі жауы бар болды. Олар отаршылдық, яғни патшалық құрлыс және ортағасырлық надандық болатын. Отаршылдыққа қарсы Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат бастаған топ атой салса, надандыққа қарсы Ахмет Байтұрсын, Мағжан Жұмабай, Сұлтанмахмұт Торайғыр сынды тұлғалар бастаған топ лап бергенін біз тарихтан жақсы білеміз.

Бүгінгі біздің қаламымызға арқау болып отырған материал ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлына арналмақ. Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі уақыттарда елдегі көптеген қаламгерлер мен зерттеушілер, ғалымдар Ахаң туралы пікірлер мен материалдарды, оның ұлтқа деген елеулі еңбектерін, ерліктерін том- том етіп жариялап келеді. Біз де ұстаздың биылғы 150 жылдық мерейтойына орай қалам тербеп, там-тұмдап білген-жиғанымызды, оқып-тоқығанымызды жұртпен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

Расында да Ахаң – қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш әліппесін, тіл құралын, әдебиет танытқышын сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың» 1913-1918 ж.ж. тұрақты редакторы. Абайдан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты жалау еткен көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы- ұстаз, қазақ АССР-нің ағарту комиссары, ҚазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор еді.
Бір басында сан саналы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі болатын.

Ахметтің қай қырынан алсақ та, яғни әдебиетте, мәдениетте, саясатта болсын оның шоқтығы биікте тұрғандығында. Оның он тоғыз жасынан бастап қазақ даласындағы қазақ балаларының сауатын ашып, оқытқан еңбегін, әрине, біз бір мақалаға сыйдыра алмасымыз анық. Алайда ұлт ұстазы Ахметтің бұл еңбегіне сол кезде-ақ халық бағасын беріп қойған-тұғын. А.Байтұрсынұлын бүкіл қазақ даласы құрмет тұтқан. Мәселен, тарихи деректер мен оқулықтарға сүйенсек, 1922 жылы Түркістан Республикасының орталығы Ташкентте Ахаңа арналған үлкен жиын өткен. Сол жиында ел ағалары Ахаңның омырауына алтын алқа таққан. Оның бір бетінде «Түркістан зиялыларынан белгі. 1922 жыл, 2 август», екінші бетінде «Аха, күшті сенің қаламың, халық ісі – сенің тамағың». Жаса, ұлт мектебінің тұңғыш жүрегі» деп жазылған.

Міне, осыдан кейін-ақ Байтұрсынұлын халық қаншалықты деңгейде қадірлегенін білуге болады. Ахметтің ағартушы-ұстаздық еңбегі бір төбе болса, мәдениет пен әдебиеттегі, саясаттағы қайраткерлігі бір төбе. Ол «Қазақ мәдениетінің тарихы» деген көлемді, құнды еңбек жазған. Өкінішке орай кеңестік қызыл террордың қуғын-сүргін жүргізген жылдары ол еңбек қолжазба күйінде тәркіленіп, кейіннен жоғалып кеткен. Сан ғасырлық қазақ мәдениетінің құндылықтарын тірнектеп жиған Ахаңның бұл еңбегі бізге сол күйінде жетпеген. Иә, Ахмет мектептен босаған уақытта қазақ мектептеріне керекті кітаптар жазғаны белгілі. Бұрынғы оқушыларға белгілі «Тіл – құрал», «Оқу құралдарынан» басқа «Әліппе істерін» һәм қазақша жазған.

Мысалы, «Тіл құрал» деген еңбегінде «дыбыс жүйесі» (фонетика), «Сөз жүйесі» (морфология) және «Сөйлем жүйесі» (Синтаксис) атты үш кітатан құралған осы тұңғыш грамматикасында қазақ тілін ана тілінде алғаш рет ғылыми жүйеге түсіріп, әсіресе төл грамматикалық терминдерді қалыптастырғанын баса айтқан жөн. Басқасын былай қойғанда, тек зат есім, сын есім, сан есім, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, сөз таптары, сөйлем мүшелері, дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз, т.б. ондаған, тіпті жүздеген өміршең терминдерді тіліміз бен ғылымымызға әкеліп, орнықтырғаны үшін А.Байтұрсынұлы есімі қазақ мәдениеті мен ғылымында алтын әріппен жазылуы тиіс. Сол кездің өзінде-ақ өз бағасын алған бұл еңбектің қазақ қауымы үшін мәні зор еді. Қазақ филологиясының тел ағасының бірі – әдебиеттану ғылымы болса, оның бастау көзінде А.Байтұрсынұлы тұр.

А.Байтұрсынұлының телегей теңіздей еңбегінің бірі қазақтың ұлттық атауын беруді жоғарғы советтерден талап еткен қызметі. Ол кезеңде Ресей мен Орта Азияда қазақты қырғыз деп атау үрдісі қалыптасып қалған-тұғын. 1925 жылдың 15-19 сәуірі аралығында жаңа астана Қызылордада Қазақ АССР-ы Советтерінің 5-ші съезі шақырылады. Сонда Ахаң тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің тарихи «қазақ» деген атын қайтаруды, республикамызды Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы деп атауды ұсынады. Осы съезде ол алдымен қазақтың қалай қырғыз атанып кеткені жөнінде мынандай қысқаша болжам айтқан: «Ерте күндерде өздерімен аттас болып кетіп қала ма деген қызғаншақтықпен ол заманның жуан білегі болған казак-орыстары бұзды ма, болмаса табаны жоқ тайғақ тарихтың онан да үлкен өзгерісі бұзды ма, әйтеуір, басқа жұрттардың аузында біз «қырғыз» деп аталғанбыз да кеткенбіз» дейді. Бұдан кейін Ахаң ұлттық атауымыздан айырған осындай қиянатқа көп жыл бойы төзіп келгенімізге, бөркімізді баса киіп, көнбістік көрсеткенімізге кейіс білдіреді. Мұны мұнан әрі мойындауға болмайтынын ескертіп, тарихымызды тануды талап етеді. Бәрімізге белгілі қырғыз бұл күнде қазақтан бөлініп, отауын өзінің Алатауына апарып бөлек тігіп, жер жүзіне олар да «Қырғыз Автономиясы» деген өз ұрандарын айтып отыр», – деген.

Осы жайларды баяндай келіп, А.Байтұрсынұлы мынандай ұсыныс жасайды: «Біз сияқты 6-7 миллиондық ұлы бір ұлттың өз атын жоғалтып, иә жасырып, басқаның атына зорлық, иә қанағат қылып жүре беру тарих алдында үлкен ұят болмақ». Сөзінің ақырында Ахаң «Енді қазақ елі бүгіннен бастап жалпы әлемге «қазақ» деп атандырсын дейміз» деп ұрандайды. А.Байтұрсынұлының бұл пікір-ұсынысы сол кезде «Енді «Қазақ» демей болмайды» деген тақырыппен Сұлтанбек Қожанұлы негізін қалаған «Ақ жол» газетінде (17.04.25) жарияланады. Советтер съезі оның ұсынысын бірауыздан мақұлдап, халқымызды Қырғыз АССР-ы дегенді «Қазақ АССР-ы» деп атауға шешім қабылдайды.

Расында да Ахаң – қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш әліппесін, тіл құралын, әдебиет танытқышын сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың» 1913-1918 ж.ж. тұрақты редакторы. Абайдан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты жалау еткен көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы- ұстаз, қазақ АССР-нің ағарту комиссары, ҚазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор еді.
Сөйтіп халқымыздың ежелгі өз атын алуы да, республикамыздың заңды түрде дәл аталуы да А.Байтұрсынұлының есімімен тікелей байланысты. Бұл үшін де оған қазақ халқы қарыздар деп ойлаймын.

Бір басында сан саналы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі болатын. Ахметтің қай қырынан алсақ та, яғни әдебиетте, мәдениетте, саясатта болсын оның шоқтығы биікте тұрғандығында. Оның он тоғыз жасынан бастап қазақ даласындағы қазақ балаларының сауатын ашып, оқытқан еңбегін, әрине, біз бір мақалаға сыйдыра алмасымыз анық. Алайда ұлт ұстазы Ахметтің бұл еңбегіне сол кезде-ақ халық бағасын беріп қойған-тұғын. А.Байтұрсынұлын бүкіл қазақ даласы құрмет тұтқан. Мәселен, тарихи деректер мен оқулықтарға сүйенсек, 1922 жылы Түркістан Республикасының орталығы Ташкентте Ахаңа арналған үлкен жиын өткен. Сол жиында ел ағалары Ахаңның омырауына алтын алқа таққан. Оның бір бетінде «Түркістан зиялыларынан белгі.

1922 жыл, 2 август», екінші бетінде «Аха, күшті сенің қаламың, халық ісі – сенің тамағың». Жаса, ұлт мектебінің тұңғыш жүрегі» деп жазылған. Міне, осыдан кейін-ақ Байтұрсынұлын халық қаншалықты деңгейде қадірлегенін білуге болады. Ахметтің ағартушы-ұстаздық еңбегі бір төбе болса, мәдениет пен әдебиеттегі, саясаттағы қайраткерлігі бір төбе. Ол «Қазақ мәдениетінің тарихы» деген көлемді, құнды еңбек жазған. Өкінішке орай кеңестік қызыл террордың қуғын-сүргін жүргізген жылдары ол еңбек қолжазба күйінде тәркіленіп, кейіннен жоғалып кеткен. Сан ғасырлық қазақ мәдениетінің құндылықтарын тірнектеп жиған Ахаңның бұл еңбегі бізге сол күйінде жетпеген.

Иә, Ахмет мектептен босаған уақытта қазақ мектептеріне керекті кітаптар жазғаны белгілі. Бұрынғы оқушыларға белгілі «Тіл – құрал», «Оқу құралдарынан» басқа «Әліппе істерін»
Қазақстандық тарихшы ғалым, тарих ғылымының докторы Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша: «Кейбір азаматтар «Алаш арыстары жаппай имиграцияға кеткенде ұлтқа әлдеқайда пайдалы болар еді» деген сөзді айтады. Шын мәнісінде Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ қайраткерлері жаппай шетелге кеткенде онда Қазақ елінің 1991 жылы тәуелсіздік алуы екіталай еді. Себебі алаштықтар 1920 жылдан бастап қашан өздері атылған 1937-1938 жылға дейін оқу-ағарту жұмыстарына күш салды. Ал шетелге кетіп қалса олардың еңбектерін Кеңес үкіметі мүлде кітап етіп шығармас еді. Осының салдарынан қазақ халқы оқу, білім жөнінен арта қалып, Азаттыққа жетуі күрделі болар еді. Мұны өз заманында А.Байтұрсынұлы сезіп, жастарға аманат сөзін айтқан» дейді.

Ол қандай аманат еді? «Қазақстанның ең алғашқы оқу орны қазіргі Абай атындағы университетінің ашылу салтанатына А.Байтұрсынұлын сөз сөйлеуге сол кездегі ағарту комиссары Ораз Жандосов шақырады. Сонда Ахаң «Қазақ деген халық әлсіз болды. Өйткені біздің техникамыз бен технологиямыз дамымай қалды. Сондықтан біздің өміріміз бен шаруашылығымыз табиғаттың құбылысына тәуелді болды. Ал біз табиғаттан тәуелсіз болуымыз керек. Мысалы, біздің халқымыз міндетті түрде ақ қоян жылы қырғынға яғни жұтқа ұшырайтын. Ал университет бізге не үшін керек?

Біз университетте жаңа білімді игеріп, білімді ұлтқа айналуымыз керек. Біз білімді ұлтқа айналмай өз тәуелсіздігімізге ие бола алмаймыз. Сол себепті жаңа текника мен жаңа технологияны игеруіміз керек. Мен жастарға құр сөзге үйір болмай жаңа ғылымды игеруге шақырамын. Онсыз мына жерімізге өзіміз ие бола алмаймыз» деген студент жастардың алдында», дейді ғалым М.Қойгелдиев. Міне, ұлт ұстазы Ахаңның бізге деген аманаты осы. Өкініштісі, Ахметтің бұл аманаты әлі күнге дейін біз бен сіздің мойнымызға артылған жүк күйінде келеді. Ұлт ұстазының аманатын кейінгі ұрпақ, яғни сіз бен біз қаншалықты деңгейде орындап келе жатқанымызды оқырманның патша көңілі мен ой-танымдық өрісінің таразысына қалдырамыз.

Қазақта сөз бар: «Қолына кей жаманның алтын түссе, бағасын біле алмайды мыстан артық» дегендей, осындай тұлғаларымыздың қадірін біз кезінде біле алмадық. Ел ішіндегі парықсыздық пен нарықсыздықтардың кесірінен осындай азаматтарымыз жалған жаланың жалынына күйіп кетті. Тіпті көптеген жылдар осындай азаматтардың атын атауға тыйым салды. Біздің алдыңғы буын Ахаңдардың, Жахаңдардың есімін атаудан үркіп жүргенде сонау мұхиттың арғы жағындағы елдер оларды дәріптеп, кітаптарға түсіріп саяси әділ баға берген.

Мәселен, 1967 жылы Америкадағы Колумбия университетінің профессорлары Эдвард Олуорд, Ян Муррей Мэетли, Карл Мэенгес өз шәкірттерімен бірлесіп, Нью-Йоркте ағылшын тілінде «Орталық Азия орыс билеген ғасырда» («Центральная Азия в век русскогоправления») деген кітап шығарыпты. Мұнда Орта Азия халықтары мен қазақ халқының өткен ғасырдың 60-жылдарынан бергі жердегі экономикалық, саяси, мәдени даму жолдары сөз болады. Әсіресе олардың ұлттық сезімінің оянуы, интеллектуалдық жағынан өсуі, әдебиетінің дамуы жөнінде көп ойлар айтылған.

Әр халықтың осы үлкен саяси істерде зор қызмет көрсеткен қайраткерлері туралы да мол мағлұмат берілген. Сол кезде бір заманда өзіміз «халық жауы» көрген А.Байтұрсынұлы туралы сол еңбекте барлығы 16 бетті пікір білдірілген. Оның саясат, әдебиет, мәдениет майданындағы ерлік істерін ерекше бағалаған.

Кітаптың 175-бетінде Ахаңды саналы, арлы, намысты ортадан шығып, орысша білім алып, еліне қайырымдылық көрсеткен, ізгілік істеген азаматтардың бірі екенін атап айтқан. Оны өткен ғасырдағы үш ағартушы – Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ісін ХХ ғасырда жалғастырушы деп түсіндірген. Келесі бетінде Ахаңның суретін беріп, астына «жадидизм лидері А.Байтұрсынұлы» деп таныстырған. Мұнан соң Америка ғалымдары оның өмірбаянын, туған жер, өскен ортасынан, білім алған оқу орындарынан бірсыпыра деректер берген. Ұстаздықтан бастап, үлкен саяси фигураға айналғанын ашық жазған.

Ахмет Байтұрсынұлы өзінің саналы ғұмырындағы барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз еңбек етуге арнаған тұлға. Сондықтан да биылғы 150 жылдық мерейтойы жастардың ортасында, білім ордаларында кең көлемде насихатталып, дәріптеліп, әртүрлі мәдени, рухани шаралар аясында аталып өткені жөн. Сондай- ақ Ахмет Байтұрсынұлының осыдан дәл бір ғасыр бұрын алғашқы Оқу-ағарту комиссары бола жүріп айтқан мынандай салиқалы сөзі бар. «Мектептін жаны – мұғалім» дейді. Ендеше осындай ұлы ұстаздың портретін осы сөздерімен облыстағы әр мектептің төріне іліп қойсақ ғажап болар еді.

 

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шерхан мұртаза атындағы, «Руханият және тарихтану» орталығының аға ғылыми қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support