- Advertisement -

Жаңа оқу жылындағы жаңа қадам

55

- Advertisement -

Білім сапасын арттыру – педагогтер қызметінің жүйесін сапалы ұйымдастырумен тығыз байланысты. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті арттыру мен жетілдіру процесін заманауи талаптарға сай ұйымдастырып, жаңа идея мен тың серпін беру қажет. Осындай мақсатты негізге ала отырып «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы жаңа оқу жылында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ғана мән беріп қоймай, пәндік құзыреттілікті арттыру бойынша да жаңа бағдарламалар дайындап, курстар жүргізуді бастады.

Қазіргі уақытта мектеп оқу бағдарламасына сәйкес оқытылатын негізгі міндетті пәндерге арналған пәндік құзыреттіліктерді дамыту курстары облысымыздың барлық аудандарында жүргізілуде. Бұл курстар аясында педагогтер пәндердің мазмұнында кездесетін күрделі тақырыптарды саралай отырып, әрбір пәннің ерекшелігіне байланысты теориялық материалдарды практикалық тұрғыдан ұсынуда түрлі тәжірибелік тапсырмалар мен есептерді шешуде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Атап айтатын болсақ, педагогтер география пәні бойынша күрделі тақырыптардың мазмұнын саралап, қызықты тапсырмаларды ұйымдастыруда, Canva, Jamboard, Paint, PPT, Mindmeister, Padlet, Whell of names, Wordwall.net сияқты қарапайым компьютерлік бағдарламалар мен сервистерде тәжірибелік тапсырмаларды құрастыру жолдарын үйренуде.

Сонымен қатар осы жаңа форматта дайындалған білім беру бағдарламалары аясында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарының педагогтердің пәндік құзыреттілігін арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекеті мен шығармашылығын шыңдауында да маңызы өте зор.

Назира ЖОРАБЕКҚЫЗЫ,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының» аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support