Жаңа оқу жылындағы жаңа қадам
Жаңа оқу жылындағы жаңа қадам
Қазіргі уақытта мектеп оқу бағдарламасына сәйкес оқытылатын негізгі міндетті пәндерге арналған пәндік құзыреттіліктерді дамыту курстары облысымыздың барлық аудандарында жүргізілуде. Бұл курстар аясында педагогтер пәндердің мазмұнында кездесетін күрделі тақырыптарды саралай отырып, әрбір пәннің ерекшелігіне байланысты теориялық материалдарды практикалық тұрғыдан ұсынуда түрлі тәжірибелік тапсырмалар мен есептерді шешуде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін меңгереді. Атап айтатын болсақ, педагогтер география пәні бойынша күрделі тақырыптардың мазмұнын саралап, қызықты тапсырмаларды ұйымдастыруда, Canva, Jamboard, Paint, PPT, Mindmeister, Padlet, Whell of names, Wordwall.net сияқты қарапайым компьютерлік бағдарламалар мен сервистерде тәжірибелік тапсырмаларды құрастыру жолдарын үйренуде. Сонымен қатар осы жаңа форматта дайындалған білім беру бағдарламалары аясында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарының педагогтердің пәндік құзыреттілігін арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекеті мен шығармашылығын шыңдауында да маңызы өте зор.
Назира ЖОРАБЕКҚЫЗЫ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының» аға оқытушысы.