Медиация және дауларды балама түрде шешу

16

Медиация мағынасы бойынша мүдделі емес үшінші жақтың екі тараптың арасындағы дауды шешуге бағытталған қызметін білдіреді.

Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы № 401-IV «Медиация» туралы Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Медиация – өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ көмегімен тараптар арасында дауды (шиеленісті) реттеу тәртібі.

Биназардағы жерге қатысты мәселеге көңілі толмайтын жалғыз Ошақбаев емес. Ол жағына кейінірек тағы да тоқталамыз.

Медиациялық тәртіптің мақсаты – тараптардың шиеленіс деңгейін төмендету және даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. Медиацияның тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Медиатор медиация тарабы болып табылмайды. Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа кұқықтық қатынастардан туындайтын дауларда, жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы істер бойынша қылмыстық іс барысында қарастырылатын дауларда қолданылады.

Медиатор басшылыққа алатын негіз болатын 5 қағидамен ерекшеленеді. Еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық.

Медиацияның артықшылықтары: тараптар уақытын үнемдейді, себебі, сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау; мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қызметін қажет етпейді.

Жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан, 2011 жылғы 3 шілдедегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес келетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқыған тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ол кәсіби медиаторлардың реестрінде тіркелуі тиіс.
Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауларды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен дауларды реттеу туралы келісімді білдіреді.

 

Тимур ӘБІЛДАБЕКОВ,

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты кеңсесінің бас маман – сот отырысының хатшысы.

 

Comments are closed.