Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйледі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйледі

АҚШ, Нью-Йорк, БҰҰ штаб-пәтері

Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы Жалпы дебаттарына қатысуы Нью-Йоркке сапарының басты оқиғасы болды. Басты халықаралық мінберде сөз алған Қазақстан Президенті БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі бүгінгі кездесу әлем геосаяси текетірестің жаңа кезеңіне қадам басқан адамзат үшін сындарлы кезеңде өтіп жатқанын айтты.  width=  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды кедергілерге және экономикалық оқшаулануға байланысты проблемаларды атап өтті. Оның айтуынша, экономикалық және саяси санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып, миллиондаған адамға, әсіресе қоғамның осал топтарына қауіп төндіретін «жаңа нормаға» айналды. Қазақстан Президенті өз сөзінде 77 жыл бұрын БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер ұйымның Жарғысында осы уақытқа дейін біздің қызметімізді сәтті реттеп келгенін халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын жазып, бекіткенін еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ негізінде жатқан іргелі постулаттарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, ол мемлекеттер егемендігінің теңдігі, территориялық тұтастықты құрметтеу және мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі сияқты үш негізгі қағидаттың өзара байланысын қайта қарастыру қажеттігіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастық рухына негізделген БҰҰ-ны басшылыққа алып, аталған құндылықтарды батыл қорғауға шақырды.

Мемлекет басшысы заманауи сын-қатерлерді тек ұжымдық күш-жігермен ғана жеңуге болатынын айтты. Осыған байланысты ол бірқатар тәсілдерді атап көрсетті.

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысының «Біздің ортақ мәселеміз» атты баяндамасындағы ұсыныстарын құптады. Оның пікірінше, бұл БҰҰ Жарғысының ережелерін бекіту, көпжақтылыққа жаңа серпін беру, қолданыстағы міндеттемелерді іске асыруды күшейту, жаңа сын-қатерлерге нақты жауаптарды келісу және мүше мемлекеттер арасындағы сенімді қалпына келтіру үшін зор мүмкіндік.  width= Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық сын-қатерлер мен дағдарыстарға жай ғана жауап беруден олардың алдын алуға және қалыптасып келе жатқан үрдістерді жақсы болжауға көшу қажеттігін мәлімдеді.