Әлеумет

Үкімет басшысы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты

Үкімет басшысы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысында жол апатынн қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты. «Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Премьер-Министр кеңесесіне Үкіметтің алдағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.