Әлеумет

Ұлттық киім өтімді

Ұлттық киім өтімді

Қазір қарап отыратын заман емес. Қолыңнан не келеді, қолға алып, кәсібіңді дөңгелетем десең мүмкіндік мол. Мемлекет барлық мүмкіндіктер бойынша қолдау білдіріп отыр. Көптен бері қол өнерімен айналыссам деп жүргенмін. Айналамдағы адамдардың да кәсібінен нәсібін тауып жүргені мені де алға жетелегендей болды. Сөйтіп, тәуекел деп жеке кәсіппен шұғылдануға бел будым. Ең әуелі қыз жасауын тіге бастадым. Содан кейін ұлттық киімдерді, арасында құрақ көрпеше, көрпелер тіктім. Бүгіндері сәнді көйлектерге де тапсырыс қабылдап жүрмін. Сәнді әрі сапалы тіксең өтімді екен. Шаруам дөңгеленіп келеді. Сонымен бірге, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы жеңілдетілген несие алу үшін бизнес-жоспар жасап өткіздім. Қысқасы, кәсібімді дамыта беремін.

Күлпатша ЖҮСІПОВА, жеке кәсіпкер.

Қаратау қаласы.