Экономика

Біріккен дұрыс деп отырмыз

Біріккен дұрыс деп отырмыз

Ұзақ жыл ауыл шаруашылығында еңбек еттім. Мамандығы агроном болғандықтан жердің жайын білемін. Жер – Ана деп тегін айтылмаған. Мәселен, дұрыс күтім жасасаң ғана ойлаған өніміңізді аласыз. Мысалы, мен биыл Жондағы тәлімі жерге егілген егінімнің әр гектарынан 10 центнерден өнім алдым. Биылғыдай қуаңшылық кезінде бұл төмен түсім емес әрине. Алайда, көктемгі егіс пен орақ кезінде техниканың жетімсіздігінен көп қиындықты көріп қалатынымызды жасыр-маймын. Оның үстіне жаңа комбайн алуға қаражаттың тапшылығы қолбайлау болып тұр. Лизингке техника алуға да болар еді. Алайда, соны жалғыз шаруа қожалығы алғаннан гөрі оншақты қожалық бірігіп, кооператив құрып, 3-4 тракторды алсақ дұрыс болатын сияқты. Қазір осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Қай уақытта да бірігіп жұмыс істегендердің ұтатынына көзім жетеді.

Күмісбек ДӘУРЕНБЕКОВ, шаруа қожалығының төрағасы.

Есейхан ауылы.