- Advertisement -

Тәрбиеші талапқа сай болуы тиіс

20

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы біз көптен күткен тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. Неге десеңіз, осы уақытқа дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, яғни бөбекжай тәрбиешілерінің жағдайы мен оларға қойылатын талап мәселесі назардан тыс қалып келген еді.

Елімізде соңғы кездері бөбекжайларда орын алған түрлі келеңсіз жайлар оған тез арада көңіл бөлуді талап етті. Күрмеулі мәселені шешу мен істі оңтайландыруда Президент Жолдауында айтылған мәселелердің көп көмегі тиетіні сөзсіз. Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы тәрбиешілердің айлық жалақысын көбейтуді тапсырып, соған сай оларды арнайы аттестациядан өткізу қажеттігін атап өтті. Бұл өз кезегінде осы саладағы бірнеше мәселені рет-ретімен шешуге септеспек.

Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды.

Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуі тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», – деген Президент пәрменімен алдағы уақытта еліміздегі балабақшалардың мәселесі оңтайлы шешіледі деген үміт зор.

 

Перизат НАЙМАНБАЕВА,

«Болашақ» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support