АЛАР АСУЛАР АЛДА
АЛАР АСУЛАР АЛДА
Кім сүймес асқар тау, кең байтақ даласын, Күн сайын жасарып барасың, Таласым!Болат РЫСМЕНДИЕВ, Талас ауданының әкімі.
Күні кеше ғана облысымыз өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Облыстағы жер көлемі жағынан үшінші орын алатын, аграрлы-индустриалды аймақ саналатын Талас өңірінің жұртшылығы да бұл мерекені ерекше қабыл алды. Қазақ тарихының түп қазығы саналатын қарт Қаратаудың шын мәніндегі қайта түлеп, жасаруы еліміздің тәуелсіздігімен тамырлас дегенімізбен негізінің сол 75 жылдықпен біте қайнасқанын айтсақ артық емес. Анығында біз елі, жері бай елміз. Әуелгі әңгімемді ауданның 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жайлы тарқатып, экономикалық әлеуетінен бастайын. Үстіміздің жылдың тоғыз ай ішінде жалпы аудан экономикасында өндірілген өнім көлемі және көрсетілген қызмет көлемі 14,3 миллиард теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 109,6 пайызға немесе 1,3 миллиард теңгеге ұлғайды.Оның ішінде өнеркәсіп саласын айтар болсақ, үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4377,5 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,1 пайызға немесе 172,7 миллион теңгеге өскенін көрсетеді. Бұл саланың дамуы сөз жоқ инвестиция тартуға байланысты екендігі анық. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7456,1 миллион теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есеге өсті дегенді білдіреді. Биылдың өзінде «Тalasinvestment company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша 2,7 миллиард теңге және «Жамбыл Недр» ЖШС бойынша 264,0 миллион теңге (көмек ретінде қарызға) инвестиция тартылды. Индустрияландыру картасының шеңберінде 2013-2014 жылдарға енгізілген «Тalas investment company» ЖШС-ның жылына 15,0 мың тонна натрий цианиді реагентін өндіретін өндірісі жобасының құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, республикалық Индустрияландыру картасының 2018 жылғы жоспарына «ЕвроХим – Тыңайтқыш» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру –химзауытының құрылысы» жобасы енгізіліп отыр. Бұл жобаның жылдық қуаты – 1400 тонна минералды тыңайтқыш. Жобаның құны 356,6 миллиард теңгені құрайды. Ол іске қосылғанда 400 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін «Жамбыл Недр» ЖШС-ндегі жылына 300 мың тонна М-400, М-500 маркалы цемент шығару үшін зауыт құрылысының жұмыстарын жүргізуде. Индустриалды аймақ бойынша да нақты істер қолға алынып отыр. Оған тиісті 20 гектар жер телімі бөлінді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1492 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудандағы 3 тірек елді мекеннің (Ақкөл, Ойық, Майтөбе) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарлары және 10 ауылдық округтері орталықтарының даму жоспарлары әзірленіп, тиісті облыс басқармаларымен және министрліктерімен келісіліп, 2014 жылғы 14 сәуірдегі облыстық мәслихат шешімдерімен бекітілді. Осы іс-шара жоспарларын іске асыру үшін барлық бюджет деңгейлерінен және басқа да көздерден 23689,7 миллион теңге қажет. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде, өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында, ауылдық округтарды жайластыру мәселелерін шешу үшін, аудандағы 13 ауылдық елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 22800,0 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде 17189,6 мың теңге игерілді. Ең өзекті мәселелердің бірі – «Ақ бұлақ» бағдарламасы. Аудан көлемінде 23 елді мекеннің қазіргі таңда 12 елді мекенінде су жүйелері жұмыс істеп тұр. Қалған 13 елді мекенге ауыз су жеткізу жұмыстары жасалынуда. Сондай-ақ,«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 2014 жылға 782,0 миллион теңгенің 18 әлеуетті жобалар ұсынылып, 619 миллион тенгенің 7 жобасы банктен оң шешімін алды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден-бір кепілі іспетті. 2014 жылдың 9 айына 681 адам бағдарламаға қатысу бойынша кеңес алып, оның 668-імен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 9126 шаршы метрді құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 4,8 есеге өсіп отыр. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, 2014 жылы сәуір айында облыстық мәслихат сессиясы шешімімен, мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту мақсатында, Қаратау қаласындағы үшінші шағын ауданындағы №24, 35, Ақшораев көшесіндегі №1, Б.Момышұлы көшесіндегі №2 көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі инженерлік құбырларын жөндеуге республикалық бюджет есебінен 30,0 миллион теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. «Өрлеу» бағдарламасы да жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл пилоттық бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың сәуір-қыркүйек айларында 99 отбасындағы 566 адамға 6193,3 мың теңге тағайындалып, соның ішінде 5971,1 мың теңгесі төленді. «2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын да атап көрсеткен жөн. «Қаратау қаласының инженерлік коммуникациялары инфрақұрылымын дамыту және жайластыру, сумен жабдықтау» нысанының сметалық құны 3474,0 миллион теңге. 2013 жылы 1111,1 миллион теңге бөлініп, жұмыстар толығымен атқарылды, ол қаржыға 60 шақырым жер қазылып, 52 шақырым құбыр тартылып, Тамды ауылындағы су тарату құрылғысында бақылау-өткізу пункті соғылды және ІІІ көтермеде трансформаторлық пункттің құрылысы жүргізілді. 2014 жылы құрылысты жалғастыруға 1200,0 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде жалпы ұзындығы 168 шақырымнан бүгінгі күнге 132,554 шақырымы жүргізілді. Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында, «ЕвроХим – Тыңайтқыш» ЖШС-ның демеушілік көмегімен Қаратау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 217,5 миллион теңге бөлініп, жұмыстар аяқталуда. Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы екендігі даусыз. Кеңес өкіметі кезінде мал өсіруде Одаққа танылған аймақпыз. Сол үрдіс жалғасын тапса деймін. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімі 6536,6 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 409,6 миллион теңгеге артты, немесе 106,7 пайыз өсіп отыр. Мал шаруашылығын дамытуға Елбасы мен Үкімет айрықша қамқорлық жасауда. Шаруалардың салықтан ішінара босатылуы соның бір нақты дәлелі. Көптеген тиімді бағдарламалар қабылдады. Айталық,«Сыбаға» бағдарламасы бойынша биылғы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан 4 шаруашылық 44,44 миллион теңге несие алып, 254 бас сиыр және 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Жалпы,«Сыбаға» бағдарламасы енгізілгелі бергі 3,5 жыл ішінде ауданда 25 шаруа қожалығы 244,62 миллион теңге несие алып, 1288 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды. Оған қоса аудандағы «Әулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС-нан 2013 жылы 3 шаруа қожалығы 21,1 миллион теңге несие алып, 57 бас жылқы, 42 бас мүйізді ірі қара сатып алып, мал басын көбейтуде. Биылғы жылы тағы 3 шаруа қожалығы 17,7 миллион теңге несие алып, 55 бас жылқы, 17 бас мүйізді ірі қара және 159 қой малын сатып алып жұмыс жасауда. Сонымен қатар, осы несие серіктестігінен қазан айында мал сатып алу үшін 3 шаруа қожалығы («Ынтымақ», «Әкебек», «Нүркен») 11,8 миллион теңге несие алатын болып шешілді. С.Шәкіров ауылдық округінде «Ахай» шаруа қожалығы «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан лизинг жүйесімен 106,0 миллион теңгеге етті бағыттағы қазақтың ақ бас сиырының 295 бас асыл тұқымды таналарын қыркүйек айында Қостанай облысы Денисов ауданы «Кырымское» ЖШС-нан сатып алды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары туралы» №103 қаулысы негізінде, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен қабылданған 65 құжат бойынша барлығы 44,3 миллион теңге субсидия берілді. Елбасының тапсырмасымен ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру, ірі шаруашылықтар құру бойынша да нақты жұмыстар жүргізіп келеміз. 2014 жылы 9753,4 гектар егістік жер игерілді (2013 жылы 8364 гектар егістік жер игерілген болатын). Яғни, егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 116,6 пайызға артып, 1389,4 гектарға ұлғайды. Биылғы жылы 43 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдары егісі үшін 10128,5 мың теңге субсидия алса, ол толығымен игерілді. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау да жолға қойылуда. Ағымдағы жылы Бостандық ауылдық округінде «Нұрым» шаруа қожалығы 5,0 гектар алма екпелерін отырғызып, тамшылатып суару технологиясымен күтіп бапталуда. Аталған шаруашылық субсидиясын үстіміздегі жылдың желтоқсан айында алады. Жалпы тамшылатып суару технологиясына көше беру – басты ұстанымымыз. Ауыл шаруашылық техникасы лизингке алынуда. «КазАгроҚаржы» АҚ-ның лизинг жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы техникалары алынуда. 2014 жылы 3 шаруа қожалығы «МТЗ-80» тракторларын, «Байымбет-Баба» шаруа қожалығы өз қаржысына «МТЗ-80» тракторын алып, инвестициялық субсидия бойынша 50 пайыз субсидиясына қол жеткізді. Үкіметтің бұл жеңілдігі шаруалардың үмітін оятқанын айтсақ, артық емес. Жалпы алғанда субсидиялауға 66,2 миллион теңге бөлініп отыр. Үкіметіміздің қолдауымен құрылыс жұмыстарының көлемі 2802,3 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 128,9 пайызға өсіп отыр. Қысқасы, құрылыс жұмыстары бір сәт тоқтаған емес. Мұндағы кезінде жіберілген кемшіліктер шұғыл түзетілуде. Әсіресе Қаратау қаласындағы 102 көшені бас жоспарға сәйкес қайта жаңғыртуға мән беріп отырмыз. Сол сияқты гүлзарлар, саябақтар, жүргіншілер жолы қалпына келтірілетін болады. Яғни, қала сәулетінің жаңғыртылуы үшін барлық күшті жұмылдырып жатырмыз. Сонымен бірге, ауданымызда жол құрылысы да қарқын алған. Елді мекендерді газдандыру кезең-кезеңімен 3-4 жыл көлемінде толық аяқталмақ. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салалары барынша дамитын болады. Мәңгілік Ел құрып жатқан еліміздің бір бөлшегі ретінде ауданның өнеркәсіпті-аграрлы аймаққа айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.