Жаңалықтар

Парламент Қазақстан астанасы атауын өзгертуді қолдады

Парламент Қазақстан астанасы атауын өзгертуді қолдады

Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді. Қазақстан астанасы атауын Астана деп өзгерту "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекеттілікті нығайтудағы сіңірген еңбегін жоққа шығармайтынына сендірді.

Сонымен қатар, заң жобасына президенттік мерзімге жеті жылға бір рет сайлану нормасы енгізілген. Бұған дейін елорда мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдаған болатын. 2 қыркүйекте Мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтаруды қолдады.