Әріптестік әлеуеті артып отыр
Әріптестік әлеуеті артып отыр

Нұржан Нұржігітов өз сөзінде мәдениет пен руханият биліктің жіті назарында екенін атап өтті.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші – қаланың көрнекті орындарының бірі. Ескерткіш орналасқан көше қазақ ақынының есімімен аталады. Ескерткіш 2003 жылы тұрғызылған, ол қаланың 300 жылдығына орай Қазақстанның Санкт-Петербургке жасаған тартуы болып табылады. Мүсіннің авторлары – петерборлық Феликс Романовский мен Валентин Свешников, сондай-ақ қазақстандық мүсінші Бақыт Әбішев.
Бұдан соң Нұржан Нұржігітов бастаған Жамбыл облысының делегациясы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Одан кейін №140 орта мектептің мұражайында орналасқан Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық залына барды.