- Advertisement -

Ынтымағы жарасқан отбасылар

109

- Advertisement -

Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы мен «Анаға тағзым» орталығы бірлесіп Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта «Ынтымағы жарасқан отбасы» марафонын ұйымдастырды. Шараны өткізудегі мақсат – балалар мен ата-аналарының бойына отбасы құндылықтарын сіңіру, туған жерге деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу және шығармашылық шабытын шыңдай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Марафонға арнайы шақырылған Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Жамаубеков, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева және облыс әкімі жанындағы отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Зәуре Тұрғынова ата-ана болу бақыты мен отбасы құндылықтары туралы сөз қозғады.

Сайысқа барлығы 10 отбасы қатысты. Ойын ережесіне сәйкес, сайысқа түсуші команда құрамында отбасы мүшелерінен әкесі, анасы және екі баласы болуы керек. Олар спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, әртүрлі аспапта ойнау арқылы сынға түсті.

Осы тапсырмалардың бәрін мүдірместен орындап, оқ бойы оза шыққан үш отбасы І, ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Оларға сәйкесінше 50 000, 40 000 және 30 000 теңгенің сертификаттары және тәтті себеттер тарту етілді. Ал жүлделі орынға жете алмаған 7 отбасының бәріне бірдей Алғыс хаттар табысталып, тәтті себеттер мен 20 000 теңге қаржылай сыйақы үлестірілді.

 

«Анаға тағзым» орталығының

баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support