Ынтымағы жарасқан отбасылар
Ынтымағы жарасқан отбасылар
Марафонға арнайы шақырылған Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Жамаубеков, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева және облыс әкімі жанындағы отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Зәуре Тұрғынова ата-ана болу бақыты мен отбасы құндылықтары туралы сөз қозғады. Сайысқа барлығы 10 отбасы қатысты. Ойын ережесіне сәйкес, сайысқа түсуші команда құрамында отбасы мүшелерінен әкесі, анасы және екі баласы болуы керек. Олар спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, әртүрлі аспапта ойнау арқылы сынға түсті. Осы тапсырмалардың бәрін мүдірместен орындап, оқ бойы оза шыққан үш отбасы І, ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Оларға сәйкесінше 50 000, 40 000 және 30 000 теңгенің сертификаттары және тәтті себеттер тарту етілді. Ал жүлделі орынға жете алмаған 7 отбасының бәріне бірдей Алғыс хаттар табысталып, тәтті себеттер мен 20 000 теңге қаржылай сыйақы үлестірілді.
«Анаға тағзым» орталығының
баспасөз қызметі.