Жаңалықтар

Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

Биылғы жылы әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілуде

. Айтулы күн аясында ауқымды іс — шаралар-концерттер, көрмелер, оған арналған фильмдердің таныстырылымы мен көрсетілімі т.б. көрермен назарына ұсынылып келеді. Халықтың сүйікті әншісінің мерейтойы Ресейде де тойланып жатыр. Бүгін Ресей астанасы Мәскеу қаласында фотокөрме ашылып мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Фотокөрмеде артистің өмірі мен шығармашылығының әртүрлі қырын танытатын 30-дан астам бірегей фотосурет қойылған. Көрме 7 бөлімнен тұрады: «Бірінші Роза»«Соғыс жылдарындағы ерлік пен даңқ»«Шығармашылық шыңы»«Әр ән — жауһар»«Бүкіл әлемді жаулап алған Роза»«Қоғамдық-саяси қызмет» және «Халық сүйіспеншілігіне бөленген жарқын өмір». Дәурен Абаевтың айтуынша, әншінің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енген, ал қазан айында ұйымның штаб-пәтерінде Р.Бағланованың құрметіне үлкен концерт жоспарланған. Сондай-ақ, қараша айында Қазақстан астанасында халықаралық вокалистер байқауы өтеді.

Айта кетейік, концерттік бағдарлама аясында Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Мәдина Сәдуақасова, Руһия Байдүкенова және басқа да отандық танымал артистер өнер көрсетті.