Саясат

Жамбыл облысында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды

The final spritzer

Жамбыл облысында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 15,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 3,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. width=

Басқосуда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ағымдағы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары қаралды.  width= Аталған басқарма басшысы Еркін Келесов баяндама жасап, қалыптасқан көрсеткіштер мен өзекті мәсәлелерге тоқталды.

Басқарма басшысының айтуынша, жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 40 337 адам болса, есепті кезеңге 31 249 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 77,5 пайызға орындалған.  width= «Алғашқы жұмыс орны» жобасы 101,6 пайызға орындалса, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы 51,7 пайызға, «Күміс жас» жобасы 75,1 пайызға орындалған.

Облыс әкімі көрсеткіші төмен аудандардың жауаптарын тыңдады.

Облыс әкімі ардагерлерге сауықтыру-демалыс орындарына жолдама беру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін тұрақты түрде ұйымдастыру, әлеуметтік осал топқа кіретін отбасыларға газ бағасын 20 пайызға төмендету бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады. Жиын қорытындысымен жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі