Қоғам

Сотталғандар шығармашылықпен айналысты

The final spritzer

Сотталғандар шығармашылықпен айналысты

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты 26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер қолдарына қалам алып, шығармашылықпен айналысты. Оларға мұндай мүмкіндік мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімі ұйымдастырған тренинг барысында берілді.

Мекеме психологы А.Сыбанбаевтың айтуынша, сурет салу жазасын өтеушілердің дүниетанымына оң әсерін тигізеді. Сотталғандар өз туындылары арқылы адами құндылықтарға деген ішкі жан дүниесін көрсетеді. Бұдан бөлек, олардың бұл талпынысын жат пиғылдан қайтарудағы жетістік ретінде бағалауға болады.