- Advertisement -

Еңбек адамдарына ерекше көңіл бөлінеді

88

- Advertisement -

Республикамызда, соның ішінде облысымызда «Қазфосфат» ЖШС-ның алатын орны ерекше. Бүгінде серіктестік басшылығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда тапсырғанындай өз жұмысшыларының жалақысын көтеріп, олардың еңбек белсенділігін арттыруда. Бұдан бөлек, серіктестік өңір бюджетіне қомақты салықтық түсімдер құйып қана қоймай, аймақтың қоғамдық-әлеуметтік іс-шараларына да белсенді атсалысып келеді.

Серіктестіктің шаруашылық басқармасы филиалының директоры Бексұлтан Жалиевтың айтуынша, биыл «Қазфосфат» ЖШС зауыттарында жұмыс істейтін 6500-ден астам қызметкерінің жалақысын жыл басынан бері 20 пайызға көтерген. Жұмысшыларының балаларына арнап балалар лагерін жөндеуден өткізіп, пайдалануға берген екен.

– «Қазфосфат» ЖШС Сарысу мен Талас аудандарындағы «Қаратау», «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерінде жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, ондағы бес асхананы қайта жабдықтап, іске қосты. Барлық асханалар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Тамыз айынан бастап тәулігіне 5000 мың адам тамақтанады. Ал жоғарыда аталған «Қаратау» мен «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерінде 2000 адам тегін тамақпен қамтамасыз етілді, – дейді ол.

Кәсіпорын іске қосылғаннан бергі 24 жылда жұмысшылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету биыл ғана жүзеге асырылған. Бұл жүйені құру үшін серіктестік ең алдымен асханаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл жұмысты атқаруға, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға серіктестік 135 миллион теңге бөлген. Бұл бағыттағы жұмыстар серіктестікте өткен жылы басталған. Атап айтсақ, былтыр Тараз қаласындағы зауыттарда жұмыс істейтін 3500 қызметкер ыстық тамақпен қамтамасыз етілген болса, биыл Жаңатастағы кен орындарындағы 1500 жұмысшысы қосылып, бүгінгі таңда компания 5 мыңға жуық қызметкерді тегін тамақтандыруда. Бір жылда қызметкерлерін тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін серіктестік оған 1 миллиард теңге бөлген.

Серіктестіктің Жаңатастағы орталық байыту мен ұнтақтау фабрикаларында болып, ондағы асхананың жұмыс барысына куә болдық. Аспазшы Сәуле Жанадилованың осында аспазшы кондитер болып жұмыс істеп келе жатқанына ширек ғасырдан асыпты. Оның айтуынша, асханада бір мезгілде 60 адам тамақтанады. Күндізгі ауысымда 130, түнгі ауысымда 52 адамға ас дайындалады. Жұмысшыларға дайындалатын тағам түрі үнемі алмастырылып отырады, ол комплексті ас мәзірі түрінде беріледі екен. Зауыт жұмысшылар да серіктестік тәулігіне бір мезгіл ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіп жатқандарына дән риза. Соның бірі осы зауытта табан аудармай 33 жыл жұмыс істеп келе жатқан Ұланбек Күльбаев.

– Бұрын асханадан асты сатып алып ішетінбіз. Күнде ішу қайда, оны қалта құрғыр көтере бермейтін. Содан кейін ас-суымызды үйден әкеліп, жұмыс басында жүрек жалғайтынбыз. Кейде үйден әкелген тамағымыз ашып, ашқұрсақ қайтатын күндерміз де аз болмады. Ендігі басшылықтың ұйымдастырып отырған бастамасына зауыт жұмысшылары қуанып отыр. Түсте тамақты қайдан ішеміз деп бұрынғыдай алаңдамайтын да болдық. Бұл ең алдымен жұмысшылардың жұмысқа деген құлшынысы мен белсенділігін арттырады деген сенімдемін. Басшылыққа зор рақмет айтамыз, – деді ол.

Ал ұсақтау-ұнтақтау бөлімінің сақтаушысы Гүлшат Қалдыбекова, бір айда асханадан 15-20 мың теңгеге тамақ ішіп қоятынын, енді оны отбасына жарататынын айтты.

– Барлық атқарылған жұмыс қызметкердің көңіл-күйіне және компанияның беделіне оң әсерін тигізетіні анық. Өйткені компания басшылығы тарапынан жұмысшыларына жасалған қамқорлық өз нәтижесін бере бастады. Қызметкерлердің жалақысы өсіп, бір мезгіл ыстық тамақпен тегін қамтыла бастады. Осымен мұндай бастамалар тоқтап қалмақ емес. Кен орнында жұмыс істейтін кеншілерге тамақ тасымалданады. Мұның барлығы жұмыс белсенділігін арттырып, жұмысшы сенімін арттыра түспек, – дейді «Қаратау», «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендері директорының кеңесшісі Тыныбек Мұхашов.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support