- Advertisement -

АБАЙЛАҢЫЗ: ГАЗҚҰБЫРЫ!

87

- Advertisement -

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының аумағы арқылы компрессор станцияларды, сондай-ақ диаметрі 1000-нан 1200 мм-ге дейінгі жоғары қысымды «А», «В», «С» желілерін қамтитын «Қазақстан- Қытай» магистральды газқұбырының Бірінші учаскесі (бұдан әрі – Газқұбыры) өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2008 ж. No651 Қаулысына сәйкес Газқұбыры Қазақстан Республикасының стратегиялық объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 118, 121-баптарының, Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңының талаптарына сәйкес Газқұбырын іске пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және Газқұбыры мен оның объектілерінің бүліну мүмкіндігін болғызбау үшін олардың айналасында мынадай КҮЗЕТ АЙМАҚТАРЫ белгіленеді: Газқұбыры трассасының бойында – құбыр осінің әрбір жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде – құбыр осінің әрбір жағынан 25 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде; компрессор станцияларының бойында, ГӨС – барлық жағынан 100 метр.

Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңының 14-бабының 5-тармағына сәйкес Газқұбырының күзет аймағында тыйым салынады:

1) өткелдерді, қара жолдарды және Газқұбыры трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін «Азиялық Газқұбыры» ЖШС-мен келіспей, орнатуға;

2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай- ақ жер жырту тереңдігі 35 см аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, «Азиялық Газқұбыры» ЖШС келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

3) «Азиялық Газқұбыры» ЖШС жайластырған, Газқұбырына қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ Газқұбырында өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызмектерлердің
осы жолдармен қозғалысына кедергі келтіруге;

4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар
салуға;

5) автомобиль көлігі құралдарының,
тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

7) «Азиялық Газқұбыры» ЖШС келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге.

Сондай-ақ ҚР ЕК 3.05-101-2013 «Магистральды құбырлар», Қазақстан республикасы энергетика Министрінің 22.01.2015 ж. No33 Бұйрығымен бекітілген Магистральды газқұбырларын іске пайдалану Ережелеріне, ЕАЭО тр 049/2020 сәйкес жерасты газқұбырларының осінен, компрессор станциялардан объектілерге, ғимараттарға, құрылыстарға дейін ең төмен қашықтық аймақтары (қауіпсіздік аймақтары) көзделеді (жерасты газқұбырларының осінен елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарына дейін –300 метрден кем емес; компрессорлық станциялардан елді мекендерге, жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына дейін – 700 метрден кем емес).

Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңына сәйкес құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген ең төмен қашықтық шегінде магистральды құбырға жатпайтын кез келген объектілерді салуға тыйым салынады.

Қандай да бір жекелеген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруды жоспарлау кезінде Газқұбыры объектілерінен күзет аймақтары мен ең төмен қауіпсіз қашықтық аймақтары бойынша жоғарыда көрсетілген талаптарды мүлтіксіз және қатаң сақтау қажет.

Жоғарыда көрсетілген нормалар мемлекеттік нормативтер жүйесіне кіреді және барлық шаруашылық қызмет субъектілерінің сақтауы үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы No33 Бұйрығымен бекітілген Магистральды газқұбырларын іске пайдалану Ережелеріне сәйкес күзет аймақтарында жұмыстардың орындалуын бақылауды және ең төмен қашықтық аймақтарда (қауіпсіздік аймақтарында) жұмыстарды жүргізуге келісуді белгіленген талаптарға сәйкес газ тасымалдау ұйымы («Азиялық Газқұбыры» ЖШС) жүзеге асырады.

Газқұбыры арқылы арнайы орнатылған өткелдер жоқ жерлерден өтуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Осыған байланысты, Газқұбыры қауіптілігі жоғары объект болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Магистральды құбыр туралы» Заңының және Газқұбыры объектілерінен күзет аймақтары мен ең төмен қауіпсіз қашықтық аймақтары (қауіпсіздік аймақтары) бойынша Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік- құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау материалдық залалдарға және адам өліміне әкелетін төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Қазақстан Республикасы заңнамасының Газқұбыры объектілерінен күзет аймақтары мен ең төмен қауіпсіз қашықтық аймақтары бойынша талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының күзет аймақтары мен Газқұбыры объектілерінен ең төмен қауіпсіз қашықтық аймақтары бойынша заңнамасының талаптары тек құбыр көлігі кәсіпорындарының ғана емес, жергілікті билік органдарының, сондай-ақ Газқұбыры трассасы өтетін/Газқұбыры объектілері орналасқан ауданда жұмыстарды немесе қандай да бір іс-қимылдарды орындайтын ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support