Әлеумет

Дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Қауіпті індетті болдырмау мен алдын алу бағытындағы дезинфекция жұмыстары өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты 26 түзеу мекемесінде әр тоқсан сайын тұрақты түрде жүргізіледі. Жуырда мұнда кезекті рет залалсыздандыру жұмыстары қолға алынып, оны «Дезинфекционный центр - Гарант» ЖШС жүргізді. Қауіпсіздік шаралары барысында мекем аумағы мен сотталғандардың жатын орындары тазартылды. Арнайы жеке қорғаныш киімдерін киген мамандар жуу құралдары мен дизинфекциялық ерітінділерді қолданды. Айта кетейік, жауапкершілік жүгі басым жұмыста санитарлық талаптар қатаң сақталды.