Мерейдің мерейі үстем болды
Мерейдің мерейі үстем болды
Балуан жігітті туыстары мен жерлестері Қырғыз елінің Бішкек қаласындағы «Манас» әуежайынан қарсы алды. Барша меркіліктердің сәлемін аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айваз Османов жеткізді. Салтанатты жиын кезінде сөз алған ауылдың қариясы Жоран Аляхунов Мерей балуанға ақ батасын берсе, еңбек ардагерлері Серік Құралбаев пен Олжабек Қосубаев Мерейдің атасы Базарбай ақсақалдың кезінде жауырыны жер иіскемеген күш иесі болғанын еске алды. Ал ауданымыздың белгілі азаматы Мейірхан Өмірбеков еліміздің, оның ішінде, мерейлі Меркінің мәртебесін үстем еткен Мерей баламыздың жеңісі алда келе жатқан Олимпиада ойындарында алтынмен апталуына сенім артты. Балуанның бұл жеңісі, әрине, жаттықтырушыларының ерен еңбегінің арқасы екенін алға тартқан Мейірхан Азатұлы спортшыға сәттілік тіледі.
Әлихан НҰРАЛИЕВ,
журналист.
Меркі ауданы.