Жүз тонналық таразы орнатты
Жүз тонналық таразы орнатты
Енді, міне, оның да реті келіп, Өркен Қылышбеков басқаратын «Көкжон» шаруа қожалығы Әшір Бүркітбаев ауылынан астық пен тұқымын қабылдап, өлшеп, тазалап беретін 100 тонналық таразы орнатты. Инвестициялық жобаның ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, заманауи үлгідегі аса үлкен таразының орнатылуы бүтіндей аудан үшін қуанышты жаңалық екенін жеткізіп, түркістандық шаруалардың еңбегін атап өтті. Бұрын шаруалар зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін облыс орталығына барып, қаншама уақытын өткізіп, жұмыстан қол үзіп қалса, енді оны ауылдағы алып таразы атқарады. Аталған шарадан кейін ағайынды Өркен мен Бекжан Қылышбековтер егін науқанының аяқталуына орай округке қарасты Әшір Бүркітбаев, Арыстанды, Үшбас және Қаратас ауылының тұрғындарына құдайы тамақ беріп, өмірден өткен түркістандықтардың рухына Құран бағыштады.
Амангелді Әбіл Сарысу ауданы.