Жамбылдық өнерпаздар жарап тұр
Жамбылдық өнерпаздар жарап тұр
Cондай-ақ республикалық телеайтыста жамбылдық құрама сәтті өнер көрсетіп жатыр. Бұл жобаның талабы бойынша әр облыстан үш айтыскер шығады. Жамбылдық құрама сапында республикалық айтыстардың бірнеше дүркін бас жүлдегері Қанат Мырзахан, республикалық айтыстарда топтан озып жүлде алып жүрген Дархан Әбдіманат пен Айтбек Тұрсынбай бар екенін айта кеткеніміз жөн. Қазылар алқасын ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман басқаруда. Сондықтан да, бұл жобаның жүгі жеңіл емес. Жамбылдық айтыскерлер құрамасы әуелі Жетісу облысының құрамасын 3:0 есебімен ұтып, мерейімізді өсірген еді. Олар ширек финалда да ширақ айтысып, Түркістан құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті. Енді жамбылдық жерлестеріміз алдағы күндерде жартылай финалда өнер көрсетеді. Жартылай финалда сәтті өнер көрсетсе, жүлденің тұғырынан да көрініп қалатыны анық.
Есет ДОСАЛЫ